Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ресейлік нөмірлі көлік зейнеткерді қағып кетті

Шымкентте ресейлік нөмірлі көлік зейнеткерді қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының аумағында ресейлік нөмірлі Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүру бөлігін жаяу жүргінші өткелінен тыс жерде кесіп өтіп бара жатқан азаматты қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 67 жастағы тұрғын медициналық мекемеге жетпей, көз жұмды.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен (Автомобильді басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін процестік шешім қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру