Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да есірткі және психотроптық заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзудың 3 фактісі анықталды

ШҚО-да есірткі және психотроптық заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзудың үш фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 29 қарашасы мен 3 желтоқсаны аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында есірткі құралдарының заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік заттарды рецептісіз жіберу, сондай-ақ осындай заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу фактілеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында осы заттарды өз қызметінде пайдаланатын 19 дәріхана, 12 емдеу мекемесі, жеті кәсіпорын мен ұйым тексерілді. Тексеру барысында ҚР ҚК-нің 303-бабында көзделген құрамында есірткі құралдары бар препараттардың айналымы ережелерін бұзуға жол берген медицина қызметкерлеріне қатысты үш қылмыс, сондай-ақ Семей қаласының дәріханаларының бірінің фармацевті дәрілік препаратты рецептісіз босатудан көрінетін ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар айналымы саласының ережелерін бұзу) бойынша бір құқық бұзушылық анықталды.

Қазіргі уақытта материал ШҚО бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру