Алаяқтар ақмолалықтың атынан 4 млн теңге несие рәсімдеген
Алаяқтар ақмолалықтың атынан 4 миллион теңге несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 желтоқсанда Целиноград полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған адам қосымша арқылы онын атынан жалпы сомасы 4 млн. теңгеге онлайн несие рәсімдеген.
– Құрметті азаматтар! Ешкімге өзіңіздің банк картасы туралы деректерді, сондай-ақ жеке деректеріңізді (жеке куәлігінің фотосуреті, банк картасының фотосуреті, картаның артқы жағындағы үш таңбалы CVV-коды) бермеуге кеңес береміз. Банк қызметкерлері ешқашан сіздің картаңыз туралы деректерді сұрамайды, сондай-ақ ұялы телефонға келетін кіру кодтарын беруді талап етпейді. Мұндай қоңыраулар түскен жағдайда дереу сөйлесуді тоқтатып, банкке ресми нөмір бойынша қайта қоңырау шалыңыз, – деді полицияда.