Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері рақымшылық жасау туралы заңды талқылады

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-да ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заңын қолдану сұрақтары бойынша кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заңын іске асыру шаралары бойынша ZOOM платформасы арқылы кездесу өтті.

Департамент бастығының орынбасары Мұрат Нәкеновтың төрағалығымен өткен кездесуге Қызылорда облыстық сотының судьялары, қалалық және аудандық сотының төрағалары, прокуратура өкілдері, түзеу мекемелерінің арнайы есепке алу және тәрбие бөлімінің қызметкерлері мен қалалық, аудандық пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары тергеу қамауындағылар мен түзеу мекемелері және пробация қызметінің есебіндегі сотталғандарға рақымшылықты қолдану бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті. Одан соң ҚАЖ департаментінің Арнайы есепке алу тобының бас маманы Шырын Абдиева «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын таныстырып, заңның негізгі ережелері мен оның нормалары қандай тұлғаларға қолданылатынын түсіндірді.

Іс-шара барысында қылмыстық жауапкершіліктен босатылуға және жаза мерзімінің қысқартылуына жататын тұлғаларға қатысты материалдарды дайындаумен байланысты сұрақтар талқыланды.

Қазіргі таңда сотталғандарға рақымшылық заңын түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру