Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада қызметтік ит ұрлық жасаған күдіктіні ұстауға көмектесті

Ақмолада қызметтік ит ұрлық жасаған күдіктіні ұстауға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есіл ауданының полиция бөлімінің кинологы Артем Караваевтың Граф атты төрт аяқты көмекшісі тәжірибеде бірнеше рет оң нәтиже көрсетті. Осындай жағдай ұрлық жасаған қылмыскерді іздеу кезінде де орын алды.

Жәбірленуші Есіл АПБ кезекші бөліміне хабарласып, белгісіз біреу құлыпты бұзып, үйінен тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлап әкеткенін хабарлады. Граф бірден ұрының ізін алып, бірнеше минут ішінде полиция қызметкерлерін күдіктінің үйіне алып барды.

Айта кетейік, қызметтік-іздестіру иті екі жыл қатарынан Алматы қаласындағы ҚР ІІМ Кинологиялық орталығында иіс ізімен адамды іздеу бағдарламасы бойынша кәсіби дайындық және оқыту курстарын меңгерген. Келесі жылы қайта даярлау жоспарлануда.

Тынымсыз жаттығудың арқасында Артем Караваев ҚР ІІМ Кинологиялық орталығында өткен ведомствоаралық жарыстарда қызметтік итті қолдану және үйрету бойынша ең мықты кинологтардың үштігіне кірді, өз міндеттеріне адал қарағаны үшін ҚР ІІМ алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру