Павлодарда үйдің ауласында тұрған көлікті соққан жүргізуші жауапқа тартылды
Павлодарда үйдің ауласында тұрған көлікті соққан жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарда қала тұрғыны полицияға Астана көшесіндегі үйдің ауласында болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлады.
Полицейлер анықтағандай, 25 жастағы Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі маневр жасаймын деп үйдің ауласында тұрған KiaRio автокөлігімен соқтығысқан.
ЖҚЕ бұзған павлодарлыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабын бұзғаны үшін барлығы 2 596 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.