Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚР аумағынан шығарылған Тәжікстан азаматы анықталды

Ақтөбеде ҚР аумағынан шығарылған Тәжікстан азаматы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында сот қаулысы бойынша ҚР аумағынан шығарылған Тәжікстан Республикасының 60 жастағы азаматқа 42 жастағы ақтөбеліктің тұрғын үй бергені анықталды.

2019 жылы Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігін бұзғаны үшін ҚР аумағынан шығарылды, алайда ол сот шешіміне бағынбады. ҚР ҚК 394-бабы 1-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 6-12 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Мигрант» жедел алдын алу шарасы өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру