Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аса ірі көлемде гашиш сатқан екеу 7 және 11 жылға сотталды

Аса ірі көлемде гашиш заңсыз сатқан екі ер адам 7 және 11 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 42 жастағы азаматқа ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі 3-тармағында (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау және ірі және аса ірі мөлшерде өткізу) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылған С. есімді ер адам және ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылған (Ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізу) 44 жастағы С. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

– Полицейлер Ақмола облысының тумалары Ерейментау өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласының аумағына аса ірі мөлшерде «гашиш» есірткісін жеткізуді, сақтауды және өткізуді ұйымдастырғанын анықтады. Одан әрі қылмыстық топқа тұрғылықты жері бойынша есірткі сатқан Ақмола облысы Ерейментау ауданының 39 жастағы тұрғыны арқылы шыққан. Топтың қалған мүшелері елордалық тұрғындар болды. Полицейлер олардың қылмыстық әрекеттерін құжаттау және тұрғылықты жері бойынша ұстау бойынша іс-шаралар өткізді. Сонымен бірге, ұстау барысында сатушылардың бірі балконнан гашиш салынған бірнеше пакетті лақтырып, есірткіден құтылуға тырысты, – деп атап өтті Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мейрам Жапбасов.

Жүргізілген операцияның нәтижесінде, барлығы 16 келіден астам гашиш алынды.

Сот отырысында сотталушылар айып тағылған кінәні ішінара мойындады. Алайда әрқайсысының кінәсі Ақмола облысының полицейлері жинаған бұлтартпас дәлелдермен расталды.

Сот үкімімен 42 жастағы азамат С. кінәлі деп танылып, оған 11 жылға қауіпсіздігі ең жоғары түзеу колониясында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыстық топтың екінші қатысушысы – 44 жастағы ер адамға 7 жыл қауіпсіздігі орташа түзеу колониясында бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, сондай-ақ жазаны өтеу орны бойынша нашақорлықтан медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары белгіленген.

Осы жылдың қараша айында үкім заңды күшіне енді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру