Жамбылдық тұрғын жоқ WI-FI роутерлер үшін алаяққа 3,8 млн теңге беріп қойды
Жамбылдық тұрғын жоқ WI-FI роутерлер үшін алаяққа 3,8 млн теңге беріп қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға Жамбыл облысы Қаратау қаласының 33 жастағы тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, 2020 жылдың қыркүйек айынан қазан айына дейін Қытайдан 350 бірлік «4G WI-FI роутер» сатып алуға көмектесемін деген бейтаныс ер адам сенімге кіріп, алдау жолымен оның 3,8 млн теңгесін иемденген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Қордай ауылының 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің талаптары бойынша мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген,