Алматы облысында ауылдастар арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды
Алматы облысында ауылдастар арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 желтоқсанында сағат 15.00 шамасында Панфилов АПБ кезекші бөліміне Үлкенағаш ауылдық округі аумағында орналасқан Ыршуық жайылымынан зорлықтан қайтыс болған ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.
– Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы ақпаратты растады. Оқ жарақатынан қайтыс болған азаматтың жеке басы анықталды, ол Көктал ауылдық округі Ақжайық ауылының 41 жастағы тұрғыны болып шықты. Алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде полиция қызметкерлері екі сағат ішінде Үлкенағаш ауылының 39 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол кісі өлтіргенін мойындады. Күдіктіден 12 калибрлі бір ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, – деп хабарлады Панфилов АПБ бастығы Жандос Қалиев.
Ұсталған азаматтың айтуынша, шамамен сағат 10.30 шамасында ол қой бағып жүрген. Осы уақытта атқа мінген бейтаныс адам келіп, ер адамға әдепсіз сөздер айтып, тіл тигізіп, қамшымен ұрған. Сонда күдікті мылтықты алып шығып, оған оқ атқан.
Ер адам ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес УҰО-ға қамауға алынды.