ШҚО-да заңсыз иммигранттардың кезекті тобы анықталды
ШҚО-да заңсыз иммигранттардың кезекті тобы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Көші-қон қызметінің қызметкерлері Алтай ауданы Зубовск ауылындағы ЖШС бірінде құрылыс материалдарын дайындау бойынша еңбек қызметімен заңсыз айналысқан Тәжікстан Республикасының 15 азаматын анықтады.
Аталған бұзушылық үшін ЖШС-мен мердігерлік шарт жасасқан жеке кәсіпкер мемлекет кірісіне 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, шетелдіктер сот шешімімен әрқайсысы 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
Шетелдік қызметкерлердің заңды тұлғаға қатысты болғаны туралы полиция органдарын уақтылы хабардар етпегені үшін заңды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Көші-қон қызметі қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар өздерінде шетелдіктердің болуы туралы үш күн ішінде көші-қон қызметіне хабарлауға міндетті екенін еске салады.