Ақмола облысында бөтеннің Lexus көлігіне зақым келтірген екі жасөспірім анықталды
Ақмола облысында бөтеннің Lexus автокөлігіне зақым келтірген екі жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Зардап шегушіден Целиноград аудандық полиция бөліміне арыз 12 желтоқсанда келіп түсті, ер адам түнгі сағат 03.30-да белгісіз біреулер оның Lexus автокөлігін зақымдап, автокөліктің алдыңғы шынысын, капотын және бамперін сындырып кеткенін хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында целиноградтық жедел уәкілдер бұзақыларды анықтады, олар 2005, 2004 жылы туған Целиноград ауданының тұрғындары болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Ата-аналардың кепілгерлігі түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Жасөспірімдер өз әрекеттерінің себебін нақты айтқан жоқ.