Қарағанды облысының құқық қорғау органдары мен сот қызметкерлері арасында футзалдан жарыс өтті
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды облысының құқық қорғау органдары мен сот қызметкерлері арасында футзалдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мерейтойлық дата – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қарағанды облысының құқық қорғау органдары мен сот қызметкерлері арасында ашық біріншілік өтті. Оны Қарағанды облысының ПД және «Динамо» спорттық-қоғамдық қоғамы ұйымдастырды. Турнирге облыстық полиция департаменті, облыс прокуратурасы, сот, облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу департаменті, облыстың ТЖД командалары қатысты.
– Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және республиканың басқа да құқық қорғау органдары «Динамо» спорттық-спорттық қоғамымен бірлесе отырып, жеке құрамның денсаулығын нығайту, қызметкерлерді спортпен шұғылдануға тарту бағытында мақсатты жұмыстар атқаруда. Бұл қоғамдық қауіпсіздіктің, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудың, ашудың, тергеудің табысты кепілі. Бүгін біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыстың құқық қорғау және сот қызметкерлері арасында футзалдан турнир өткізіп жатырмыз. Жарысқа қатысушыларға спорттық табыс тілеймін, – деп атап өтті біріншілікті ашқан облыстың ПД басшысының орынбасары Қайыркен Әлиев.
Футбол Геннадий Головкиннің GGG дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті. Спорттық жарыстардың қорытындысы бойынша облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің командасы бірінші орынды иеленіп, үздік атанды. Екінші орынды Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің командасы, үшінші орынды Орталық полиция бөлімінің командасы иеленді. Жеңіске деген ерік-жігері үшін естелік сыйлық облыстық ПД оқу-жаттығу взводының командасына берілді.