ШҚО-да кадет сыныбы ашылды
ШҚО-да кадет сыныбы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Көкпекті ауылындағы Ж.Шайжүнісова атындағы орта мектебінде «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылу іс-шарасы өтті.
Ашылу рәсіміне ШҚО ПД бастығының орынбасары Ренат Унарбеков, Көкпекті ауданының әкімі Раджан Сейтқанов, аудан әкімінің орынбасарлары Жасұлан Майкенев, Марат Теміржанов, мәслихат хатшысы Талғат Сарманов, ІІО ардагерлері Қайрат Алғазинов, Сайдрақым Файзуллин, Көкпекті ауданының ПБ басшылығы, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары қатысты. Сынып 16 оқушыға арналған.
Бұл сыныптың ашылуы бірінші кезекте балалардың әскери-патриоттық тәрбиесі мен кәсіби бағдарының рөлін арттыруға, сондай-ақ болашақ мамандықты таңдауға көмектесуге бағытталған.
Салтанатты рәсім әнұранды орындаудан басталды, содан кейін кадет сыныбының оқушылары өз шеберліктерін, саптық даярлықтарын және арнайы дайындалған музыкалық нөмірлерін көрсетті. Іс-шара куәліктер табыстаумен және ант қабылдаумен аяқталды.
Келген қонақтар кадеттерді құттықтап, болашақта құқықтық тәртіпті сақтауда еліміздің лайықты азаматтары болатынына сенім білдірді.