Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өзін «банк қызметкерімін» деп таныстарған адамға сенген шымкенттік 2,7 млн теңгесінен айырылды

Өзін «банк қызметкерімін» деп таныстарған адамға сенген шымкенттік 2,7 млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреулер ұялы телефонына қоңырау шалып, өзін банктердің бірінің қызметкерімін деп таныстырған. Содан «банк қызметкері» жүйедегі қауіпсіздік деректерін жаңарту керектігін айтып, азаматшаның құпия деректерін біліп алған. Арада уақыт өткенде, телефонына хабарлама келген тұрғын өзінің атына 2,7 млн теңгеге несие рәсімделгенін біліп, тәртіп сақшыларына жүгінген.

Хабарды алған полицейлер аталмыш жайтқа қатысы бар азаматты іздеуге кірісті. Абай АПБ-ның криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жан-жақты тексеру жұмыстарының нәтижесінде, алаяқтық жасаған азамат қала аумағынан ұсталып, басқармаға жеткізілді. Ол 20 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру