Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД-де балалар арасындағы суреттер байқауының қорытындысы шығарылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Отаным – Қазақстан!» суреттер байқауының қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқауға Павлодар облысы ПД тергеушілерінің, анықтаушылары мен криминалистерінің 3-12 жас аралығындағы балалары қатысты.

Үздік суреттерді таңдау оңай болған жоқ, себебі барлық балалардың суреттері көркем және мазмұнды болды.

Әртүрлі жас категориялары бойынша жеңімпаздар: Нұрсана Нұрғалиева, Әлия Қабиден, Әдемі Бақыт дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, ең белсенді қатысушы Кәусәр Әлібай атап өтілді. Барлық балаларға байқауға қатысқаны үшін сыйлықтар берілді.

– Жас суретшілерге жаңа шығармашылық табыстар, ашық аспан, ал елімізге гүлдене беруді тілейміз, – деді басқарма бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру