Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте “Шырша” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Шымкентте “Шырша” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17-31 желтоқсан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері қала аумағында “Шырша” жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.

Шымкент қаласындағы жедел алдын алу іс-шарасы аясында жаңа жыл мерекесінің қарсаңында шырша мен қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу мен сатудың алдын алу мақсатында полицейлер сатушылардан өнімге сатуға тиісті рұқсат құжаттарын тексеретін болады.

Қылқан жапырақты ағаштарды өткізуге рұқсаттың жоқтығы анықталған жағдайда сатушы ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы (Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осындай жайттар орын алған кезде жеке тұлғаларға – 15 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ескерту беріледі немесе айыппұл салынады.

Орман екпелерін заңсыз кесу анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес кінәлі адамның мүлкі тәркіленіп, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру