Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақшасын көбейтпек болған түркістандық тұрғын алаяққа алданып қалды

Түркістан полицейлері WhatsApp желісі арқылы алаяқтық жасаған жігітті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы белгісіз азамат «ақша берсең, көбейтіп беремін» деп алдағанын көрсетті. Яғни күдікті салған ақшаң еселеп қайтарылатын болады деп сендіріп, 100 мың теңге ақша алған. Алайда арадан біршама уақыт өткенде телефонын көтермей, байланысқа шықпай қойған.

Содан алаяққа алданғанын түсінген тұрғын, бірден полицейлердің көмегіне жүгінді.
Аталған жайтты полицейлер ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан алаяқты ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жәбірленушінің ақша салып жіберген банк қосымшасы арқылы күдіктінің жекебасы анықталды. Полиция қызметкерлері осы қылмыстың ашылып, күдіктінің ұсталуы бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізді. Тәртіп сақшыларының жедел әрекеті нәтижесінде, Төлеби ауданының тұрғыны ұсталды.

Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, бірден ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарына таныс емес азаматтарға сенбеуді, алаяқтың арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Сондай-ақ жеке мәліметтерді, не болмаса ақшаны желі немесе WhatsApp мессенджері арқылы ешкімге жібермеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру