Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте алаяқ тұрғынды 2 млн теңгеге алдап кетті

Шымкентте алаяқ тұрғынды 2 млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында бейтаныс әйел арнайы мемлекеттік бағдарлама бойынша қайтарымсыз қаржы алып беремін деп 2,1 млн теңгесін иемденіп кеткенін көрсеткен.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) тіркеді.Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Тергеу амалдары барысында азаматшаның басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Қазіргі кезде аталған әйелге қатысты міндеттеме түріндегі бұлтарпау шарасы қолданылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру