Атырауда 22 жастағы жігіт әпкесінің көлігін айдап кетіп, ЖКО жасаған
Атырауда 22 жастағы жігіт әпкесінің көлігін айдап кетіп, ЖКО жасап, оқиға орнынан қашып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 желтоқсан күні 07:50 шамасында Батыс-40 экипажы Геолог ықшам ауданы Жаңалы көшесі бойында жол жиегіндегі электр бағанасына соқтығысқан Toyota Camry автокөлігін анықтаған.
Тексеру барысында аталған автокөліктің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткендігі белгілі болды. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы мен жол-көлік оқиғасы бойынша қызметкерлер оқиға сызбасын жасап, автокөлік ішінен 30 жастағы азаматшаға тиесілі құжаттарды тапқан.
Тәртіп сақшыларына әйел таңғы уақытта үйінің алдынан автокөлігін белгісіз адам айдап кеткендігін мәлімдеп, «102» операторына хабарлама беріп жатқанындығын айтқан.
Аталған хабарлама бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізу кезінде азаматшаның көлігін 22 жастағы інісінің жүргізіп кетіп, жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан қашып кеткендігі анықталды.
22 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы) және 611-бабының 2-бөлігімен (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) әкімшілік хаттамалар жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.
Одан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігімен (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы) әкімшілік хаттама жасақталып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.