Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда “ұрланған” автомагнитола тұрғынның үйінен табылды

Атырауда “ұрланған” автомагнитола тұрғынның үйінен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 желтоқсан күні сағат 21:20 шамасында Атырау облысы Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ​белгісіз адам қоңырау шалып, көлігінің автомагнитоласын ұрлап кеткендігі ​жөнінде бірнеше рет хабарлама берген.

Тексеру барысында берілген хабарламаның жалған екендігі анықталды.

Белгілі болғандай, ​43 жастағы ер адам алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін, масаң күйде ​полицияға қалжың үшін қоңырау шалып, өзінің тоналғаны туралы хабар берген. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ұрланды деген затты ер адамның өзінде екенін анықтаған.

Қызылқоға ауданының тұрғынына полиция ​ қызметкерлеріне жалған ақпарат бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру