Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бір күнде көлікте телефонмен сөйлескен 23 жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкентте бір күнде көлік басқару кезінде телефонмен сөйлескен 23 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 20 желтоқсанда атқарылған жұмыс барысында көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған 23 жүргізушіні анықтады.

Автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру