Ақмолалық полицей қазақ күресінен IV чемпионатта 1-орын алды
Ақмолалық полицей Азаматтық қорғау академиясы бастығының кубогы үшін қазақ күресінен IV чемпионатта 1-ші орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Олжас Альпеисов 1992 жылы 24 маусымда Ақмола облысы Мәдениет ауылында дүниеге келген. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Мектеп жылдарында Олжас балалық арманын жүзеге асыруға және полиция қызметкері болуға бел буды.
Олжас – қазақ күресі және самбо күресінен спорт шеберіне үміткер. Полиция капитаны жұмыс пен спортты оңай үйлестіретінін мойындайды.
– Біздің жұмысымыз жақсы физикалық дайындықты қажет етеді. Спортпен шұғылдану мен үшін әрқашан қуаныш болды. Демалыс күндерін спортзалда өткіземін. Тәртіп, шыдамдылық және үнемі жаттығу – бұл жеңу үшін қажет нәрсе, – дейді ол.
Олжас Альпеисов ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет етіп келеді, жол-патрульдік қызметінің инспекторы болып бастаған. О.Альпеисовта көптеген марапаттар, медальдар мен грамоталар бар, олардың әрқайсысы оған қымбат.
2016 жылы ол Ақмола облысының құқық қорғау органдары арасында «Динамо» ДСҚ біріншілігінде қазақ күресінен ашық турнирде 3-орын, 2017 жылы Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған самбодан Ақмола облысы ІІД чемпионатында 1-орын, 2018 жылы Көкшетау техникалық институты бастығының кубогы үшін Қазақ күресінен чемпионатта 2-ші орын, 2019 жылы жарыс қорытындысы бойынша қазақ күресінен Ақмола облысы Полиция департаментінің «Полиция барысы» чемпионатында 1-орын алды.
11 желтоқсанда Азаматтық қорғау академиясында өткен және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қазақ күресінен IV чемпионатта ақмолалық полицей өзінің салмақ дәрежесінде бірінші орын алып, кезекті марапатқа ие болды.
Барлық бос уақытын тәртіп сақшысы отбасы мен спортқа арнайды.
Полиция капитаны Амир есімді ұлды тәрбиелеп отыр және болашақта оның ізімен жүріп, Отанымыздың игілігі үшін қызмет етеді деп үміттенеді.