Атырауда тұрғыннан «амфетамин» синтетикалық есірткісі тәркіленді
Атырауда тұрғыннан «амфетамин» синтетикалық есірткісі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында тиым салынған синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан күдіктіні ұстады.
– Тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде синтетикалық есірткі заты анықталып, сараптама қорытындысына сәйкес есірткінің жалпы салмағы 67 грамм болатын «амфетамин» синтетикалық есірткі заты екендігі анықталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлімі 3-тармағы және 5-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.