Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ноутбуктерден бастап жалған кірпіктерге дейін ұрлаған: Қостанайда бұрын сотталған ұры ұсталды

Қостанайда ноутбуктерден бастап жалған кірпіктерге дейін ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарашадан бастап кеңсе үй-жайлары мен Қостанай қаласының бизнес орталықтары кабинеттерінен ноутбуктер, ұялы телефондар, ақша мен тұрақты макияжға арналған жабдықтар жоғала бастады. Бір айдың ішінде қалалық Полиция басқармасына 8 өтініш беруші жүгінді. Келтірілген зиянның жалпы соммасы – 2 млн. теңгеден асады.

Аталған фактілерді полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеген.

– Күдікті түрлі сылтаулармен кабинеттерге барып, қарап, содан кейін ұрлық жасады. Негізінен қаскүнемнің назарында қараусыз қалған кеңсе кабинеттері болды, – дейді Қостанай қаласының Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Асқар Мусин.

16 қарашада күдікті бір қабатты ғимараттың ашық кабинетінде қалдырылған барсеткадан 112 мың теңгені ұрлап кеткен.

Басқа жағдайларда, ер адам кілттерді таңдау әдісін қолданды, ол үшін өзімен бірге 5 жиынтығы бар байламды алып жүрді.

Мәселен, 20 қарашада сұлулық студиясының кабинетінде млн теңгеден астам сомаға тұрақты макияжға арналған жабдық, инелер, пигменттер, жалған кірпіктер ұрланған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығында ұрланған мүлікті өткізу кезінде Қостанай қаласының Полиция басқармасының жедел қызметкерлері бұрын бірнеше рет сотталған 43 жастағы қала тұрғынын ұстады. Іс-шараларды өткізу барысында ұсталған адамнан жәбірленушілер таныған заттай дәлелдемелер алынды. Барлық заттай дәлелдемелер қылмыстық істер материалдарына қоса тіркелді.

– Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың облыс орталығында жасалған ұқсас фактілерге қатыстылығы тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, – деді Қостанай қаласының Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерболат Мурзатаев

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру