Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер үйінен кетіп қалған 9 жастағы баланы аман-есен тапты

Алматылық полицейлер үйінен кетіп қалған 9 жастағы баланы аман-есен тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Хабарлама авторларының айтуынша, сенбі күні кешке олардың ұлы ағасымен ұрысып қалып, сырт киімсіз үйден шығып кеткен. Өз беттерінше іздеу сәтсіз аяқталғаннан кейін олар полицияға хабарласты.

– Іздеуге Алатау АПБ бастығының орынбасары Данияр Омаровтың өзі қосылды. Аудандағы барлық учаскелік инспекторлар аяғынан тік тұрғызылды, барлық кіреберістер мен жертөлелер мұқият тексерілді, үйде қалған ұялы телефон да қаралды. Бейнебақылау жүйесі көтерілді. Нәтижесінде ұлымыз табылды. Міндеттерін мінсіз орындау, ұқыптылық және егжей-тегжейге ілтипат көрсету ізденістің жақсы аяқталуына әкелді. Алматы полициясының басшылығына Данияр Омаров пен оның әріптестерінің кәсіби және адами қасиеттерін жеткізуді азаматтық борышым деп білемін. Қол астындағыларыңыздың арасында осындай қызметкерлердің барынша көп болуын шын жүректен тілейміз, өйткені азаматтардың өмірін сақтауға, олар даңқ үшін емес, жүректерінің қалауы бойынша барады, – деді табылған баланың ата-анасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру