Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да тұрғын ауылдасының бұзауын жетектеп кеткен

Шығыс Қазақстан облысында тұрғын ауылдасының бұзауын жетектеп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Семей қаласының Әуезов ПБ «102» жедел арнасына Семей қаласының маңында орналасқан ауылдық округтің 48 жастағы тұрғыны жүгінді, ол 2021 жылдың маусым айының соңында ауылдың шетіндегі еркін жайылып жүрген сегіз айлық қара-ала бұзауды белгісіз тұлғалар жасырын ұрлап кеткенін хабарлаған. Шығын сомасы 250 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 44 жастағы ауыл тұрғынын анықтап, ұстады.

– Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «кепілге босату» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Күдікті кінәлі деп танылған жағдайда оған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру