Ақтөбе облысында жолдардың техникалық жағдайы тексерілді
Ақтөбе облысында жолдардың техникалық жағдайы тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жыл басынан бері Ақтөбе облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекция бөлімі қызметкерлерімен 36 470 шақырымды құрайтын 1 958 тексеру жұмысы жүргізілді.
Жүргізілген тексеру жұмыстары нәтижесінде анықталған 2 044 кемшілік бойынша 1 711 ұйғарым беріліп, заңды, лауызымды және жеке тұлғаларға 256 әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өткізу қабілетін арттыру мақсатында жыл басынан бері берілген ұйғарымдар мен ұсыныстар негізінде негізгі магистральдық көшелерге:
– 1205 жол белгілері орнатылды/қалыпқа келтірілді, 223 600 ш.м. жол таңбасы сызылды;
– 19 бағдаршам объектісі орнатылды. Оның ішінде алты көлік бағдаршамы;
– бір бағдаршамға Т-11(+) типті қосымша бағдаршамы орнатылды.
Жол қозғалысына қатысушылар қауіпсіздігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар және өзге құзырлы мекемелер мамандарымен бірлесе облыс аумағындағы автомобиль жолдарына:
– тоғыз билборд, паннолар, 47 патрульдік көлік және ірі қара мал макеттері орнатылды;
– Самара-Шымкент автомобиль жолына ауыспалы ақпараттық жол белгісі орнатылды.
Балаларды жастайынан жол мәдениетіне баулу және жол жүру ережелерін үйрету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып ҚР тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақ аумағында барлық жол қозғалысының техникалық құралдары орнатылған қалашық бой көтерді.
«Естуші мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында ПД ӘПБ басшылығымен аптаның әр сейсенбі күндері тікелей эфирде «Жол қателікті кешірмеді» айдары ұйымдастырылды. Облыс аумағына қарасты жолдарға жүргізілген тексерулер негізінде қысқы мезгілде жолдарды күтіп ұстауға жауапты тұлғаларға анықталған кемшіліктер орнын жоюға 862 ұйғарым беріліп, 116 жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.