Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 5 мыңға жуық жаңа жол белгілері орнатылды

Алматыда бес мыңға жуық жаңа жол белгілері орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының әкімшілік полициясының мәліметінше, көше-жол желісінің ұзындығы 3 мың 096,8 шақырым, 2 мың 746 көше, оның 385-і негізгі маңызы бар, ұзындығы 1 мың 150 шақырым, тағы 2 мың 361 жергілікті көшелер, ұзындығы 1 мың 946,8 шақырым.

– 29 мың 998-ден астам жол белгілері, 392 мың 117 м2 жол таңбалау желілері жұмыс істеп тұр. Биыл 4 мың 711 жол белгісі орнатылды және қалпына келтірілді. 161 көшеге 279 мың 191 м2 жол сызығы салынды. Ұзындығы 3,333 шақырым жол қоршауы орнатылды. 47,8 шақырым жол қоршауы сырланды. Сонымен қатар, биылғы жылы 8 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталуда. «Назар аударыңыз, балалар» алдын-алу іс-шарасы кезеңінде 1-23 қыркүйек аралығында мектептер маңында жасанды біркелкі емес орнатылды, оның ішінде 164 – стандартты асфальтбетон, тағы 36 трапеция тәрізді. Білім беру мекемелері аумағындағы жасанды біркелкі еместердің жалпы саны 570 бірлікті құрайды, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру