Полиция департаментінде Петропавлдың жоғары сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күні» өтті
Полиция департаментінде Петропавлдың жоғары сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күні» өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде өткізілген «Ашық есік күні» аясында қалалық мектептің оныншы сынып оқушылары ведомстволық музейге, жедел басқару орталығына және кинологиялық қызметке барды. Балалар өңірдің ішкі істер органдары тарихы жайлы білді, кинолог мамандығымен танысты, смартфоннан бейне қоңырау арқылы полициямен қалай байланысқа шығу керек екендігін білді.
Солтүстікқазақстандық полицияның музейінде мектеп оқушылары 18 ғасырдағы патша заманындағы полиция, Азаматтық соғыс кезіндегі комиссарлардың қызметі туралы экспонаттармен танысты; Ұлы Отан соғысы, сондай-ақ Ауғанстандағы жауынгерлік ұрыстар туралы экспозицияны тамашалады. Тәуелсіз Қазақстан тарихына арналған жаңа залда музей қорын сақтаушы Нина Бенграф қарақшылардан тәркіленген қарулар қойылған көрмені көрсетті, сондай-ақ соңғы отыз жыл ішінде резонанстық қылмыстар жайлы әңгімеледі. Жедел басқару орталығына барған балаларда ерекше қызығушылық туындады. Петропавлда тәулік бойы 400 аса бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Ондағы бейнелер полицияға жіберіледі. Сонымен қатар, мектеп оқушыларына «102» мобильді қосымшасы туралы айтылды, хабарласқысы келетіндер App Store мен Google Play дүкендерінен тегін жүктей алады. Сервистің көмегі арқылы кез келген уақытта бейне қоңырау шалуға немесе мәтінді хабарлама жазуға болады, оны Жедел басқару орталығы кезекші ауысымының операторы шұғыл қабылдап, тіркейді. Полицейлер келген қонақтарға ата-аналары мен таныстарына қосымша жайлы, қажеттілік туындаған жағдайда оны белсенді қолдану туралы айтуға кеңес берді.
«Ашық есік күнінің» соңғы пункті Кинологиялық қызмет орталығына бару болды. Облыстық полицияның балансында – 52 қызметтік іздестіру иті бар. Кинологиялық орталықта 13 кинолог пен 20 қызметтік ит қызмет етеді. Қалған қызметтік иттер аудандық полиция бөлімінде. Оларды есірткімен байланысты қылмыстарды ашуға, жарылғыш заттарды іздеуге, сондай-ақ ауыр және мүліктік қылмыстарды ашуға пайдаланады. Балалар бөліністің үй-жайларын, вольерлерін аралады, сондай-ақ жаттығу алаңында кинологтар мен иттердің қатысуымен көрініс көрсетілді.
СҚО ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллиннің айтуынша, «Ашық есік күнінің» басты бағыты полиция мамандығының имиджін көтеруге негізделген. Тағы бір маңызды аспекті – кәсіптік бағдар беру. Жоғары сынып оқушылары қазірден бастап мамандыққа таңдау жасау қажет. Өз өмірін полицияда қызмет етумен байланыстырғысы келетін мектеп түлектері ведомстволық ЖОО түсу туралы кадр бөлінісінің қызметкерлері әрқашан ақыл-кеңес беруге дайын.