Елорда тұрғыны көкшетаулықтың пәтерінен планшет пен ақша ұрлап кетті
Елорда тұрғыны көкшетаулықтың пәтерінен планшет пен ақша ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты. 20 желтоқсанда Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны 20 желтоқсанда белгісіз тұлға пластикалық терезені қысу арқылы 21 мың теңге сомасындағы ақшасын және Samsung маркалы планшетті ұрлағаны туралы өтінішпен жүгінді. Шығын сомасы 91 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын пәтер ұрлығы үшін сотталған 33 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Түскі уақытта облыс орталығы тұрғынының пәтеріне кіріп, қаскүнем ұрлық жасаған. Заттай дәлелдемелер алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Көкшетау қалалық ПБ УҰИ-не қамалды.