Шымкенттік полицейлер дәмханадан телефон ұрлаған жасөспірімді анықтады
Шымкенттік полицейлер дәмханадан телефон ұрлаған жасөспірімді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Абай ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда қаладағы дәмханалардың бірінде болғанында күртешесінде болған Samsung ұялы телефонын белгісіз біреудің жасырын түрде қолды еткенін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 130 мың теңгені құраған.
Абай АПБ-ның криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері хабар алысымен жедел әрекет етіп, ұрлық жайты болған дәмханаға бағыт алды. Арызданушы азаматшадан, басқа да көрген-білгендерден жауап алынды. Бейнебақылау камералары жіті қаралды. Нәтижесінде, полицейлер телефон ұрлаған жасөспірімді тұрғылықты мекенжайынан анықтап, басқармаға жеткізді. Ол 14 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.
Белгілі болғандай, ұсталған жасөспірім ұялы телефонды қаладағы сауда нүктелерінің біріне өзінің бас пайдасы үшін 10 мың теңгеге сатып жіберген.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.