Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда әкімдік алдында көлікпен дрифт жасаған 6 жүргізуші жауапқа тартылды

Атырауда әкімдік алдында көлікпен дрифт жасаған 6 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 желтоқсан күні сағат 01:54 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері қалалық әкімдік ғимараты алдында бірнеше автокөліктердің дрифт элементтерін орындағанын және бұл әрекетімен айналаға қауіп төндіріп жатқанын байқап, аталған жерге патрульдік полиция экипаждарын жіберген. Нәтижесінде үш автокөлік айыптұраққа жеткізілді. Автокөлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дрифт жасаған Ford Mustang, Ваз-211440 және Hyundai Greta автокөліктерінің жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) әкімшілік іс қозғалып, олардың әрқайсысына 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Одан басқа, дәл осындай оқиғаны 26 желтоқсан күні сағат 22:13 шамасында үш бірдей BMW автокөлігі қайталаған. Оны да Жедел басқару орталығының кезекші бейнебақылау қызметкерлері анықтаған. Патрульдік полицейлер тексеріс кезінде үш автокөліктің біреуінің тіпті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүргендігін анықтаған. Екі BMW автокөліктерінің жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттамалар жасақталып, әрқайсысына 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ал мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ күйде дрифт элементтерін орындаған тағы бір BMW автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) және 590-бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттамалар жасақталып, барлығы 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру