Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жаңа жылдық мереке қарсаңында интернет алаяқтық қаупі туралы ескертеді

СҚО полицейлері жаңа жылдық мереке қарсаңында интернет алаяқтық қаупі туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл қарсаңында адамдардың мерекені қарсы алуға дайындығы кезінде интернет саудасы жанданады. Осы тұста интернет-алаяқтықтың қаупі арта түседі.

Адамдарды киберқылмыскерлердің тарапынан келетін қауіп туралы ескерту үшін СҚО полицейлері еріктілермен бірлесе қала көшелеріне шығып, жадынама таратты. Оларды Петропавлдағы ірі сауда орталықтарының маңында үлестіріп, қала тұрғындарына қылмыстың басты схемалары жайлы айтты.

СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиевтің айтуынша, алдын ала төлем жасауды талап ету – кибералаяқтардың кеңінен тараған әдістерінің бірі. Жылдың 11 айының қорытындысы бойынша облыста интернет алаяқтықтың 657 фактісі тіркелген, оның ішінде 270 тауарлар мен қызметтер үшін алдын ала төлем жасаумен байланысты. Қылмыскерлер арасындағы ең “танымалы”OLx.kz тегін хабарландырулар сервисі, оған алдаудың 200 астам фактіcі тиесілі.

Бұдан басқа, мереке қарсаңында әр түрлі жаңажылдық акциялар туралы белгілі брендтардың атын жамылған алаяқтар жариялайтын хабарландырулардың саны арта түсетіні сөзсіз. Қандай да бір төлемдерді және бонустарды уәде ету құпия деректермен бөлісуді талап етеді, бұл деректерді алғаннан кейін алаяқтар сенгіш адамдарға қаржылай шығын келтіруі мүмкін.

Тәртіп сақшылары адамдардан сақ болуды, алдын ала төлем жасауға келісім бермеуді сұрайды. Интернет арқылы мәміле жасаған жағдайда сатылатын тауар жайлы қосымша бейне шолуды талап еткен жөн, алайда бұған алаяқтар келісім бермейді. Сонымен қатар, полицейлер күмәнді сілтемелерді ашпауды, алаяқтардың өздерін “банктің қауіпсіздік қызметінен” деген қоңырауларына сенбеуге және бейтаныс адамдарға банк карталарының cvv-кодын, құпия сөздерін, sms-хабарлама арқылы келетін бір реттік қолжеткізу кодын сеніп тапсырмауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру