ШҚО-да ер адам 50 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген
ШҚО-да ер адам 50 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстанда тәртіп сақшылары күн сайын жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұратын азаматтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. 2021 жылы 200-ден астам адам Қазақстан Республикасының азаматтары деп танылып, ҚР азаматының жеке куәлігіне рәсімделді.
Мәселен, бірнеше апта бұрын Семей қаласы Полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты бойынша өмір сүріп келген 54 жастағы ер адамға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуға көмектесті.
Новосібір облысының тумасы 1989 жылы Семей қаласына көшіп келген. Қазақстанға келгеннен кейін ол неке қиып, үйленіп, бүгінде оның екі баласы бар, бірақ осы уақытқа дейін қызыл паспортын жеке куәлікке айырбастамаған. Ер адамның өзі мұны оның істі аяғына дейін жеткізуге мүмкіндігі болмағаның айтып, түсіндірді және 30 жылдан астам уақыт бойы тұрақты жұмыс орнынсыз өмір сүріп, шағын табыспен айналысқанын айтқан.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері барлық қажетті құжаттарды жинап, Ресей Федерациясынан қажетті құжаттарды сұратуға көмек көрсетті.
Қазіргі уақытта ер адам көптен күткен құжатты алды, енді ресми түрде жұмысқа орналасып және басқа азаматтардан қалыспай барлық мемлекеттік қызметтерді пайдалана алады.