Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында ҚАЖД-нің қызметкерлері балаларды Жаңа жылмен құттықтады

Қостанай облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері балаларды Жаңа жылмен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

УК-161/12 мекемесінің жеке құрамымен бірнеше айдан бері жалғасып келе жатқан қамқорлық акциясы Арқалық қаласының бейімдеу орталығы мен денсаулығында ауытқуы бар балаларды оқытатын мектепті аралаумен аяқталды. Аталған мекемені аралау жай ғана сыйлықтар берумен шектелген жоқ, мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Аяз ата мен Ақшақар бүлдіршіндерді арнайы құттықтады.

Балалар жаттаған тақпақтарын айтып, тәтті сыйлықтарға ие болды. Қайта бейімдеу орталығына мекеме қызметкерлері өздері жинаған киімдер мен заттарды таратты.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ ҚАЖК “УК-161/12 мекемесі” РММ ұжымы өмірден озған қызметкерлер Руслан Шайкемеловтың, Асылбек Төлегеннің отбасындағы балаларды құттықтап, ерекше ықылас лебіздерін көрсетіп, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру