Шымкентте қауіпсіздік белдігін тақпаған 23 жүргізуші жауапқа тартылды
Шымкентте қауіпсіздік белдігін тақпаған 23 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізушілер арасында кең таралған жол қозғалысы ережесін бұзудың бір түрі – қауіпсіздік белдігін тақпау.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері бір тәулікте жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 23 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырды.
Аталған жүргізушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамаған жүргізушілерге 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.