Қарағандыда мас күйінде көлік жүргізген адам ұсталды
Қарағандыда мас күйінде көлік жүргізген адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 желтоқсанда қалада Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің жеке құрамы сағат 00.10 шамасында көшелердің бірінде жылдамдықты асырып келе жатқан көлікті тоқтатты. Полицейлер 23 жастағы жігіт тізгіндеген көлікті тексеру барысында жүргізушінің мас күйде болғанын анықтады. Медициналық сараптама оның мас болғанын растады.
Сондай-ақ полицейлер ер адамның 2019 жылдың сәуір айында сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылғанын анықтады. Қосымша түсініктеме алу үшін ұсталған азамат Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне жеткізілді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.