Қазығұрттық сақшылар мас күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады
Қазығұрттық сақшылар мас күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазығұрт ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыруда. Осындай кезекті шара барысында тәртіп сақшылары ішімдік ішіп, көлік басқарған жүргізушіні анықтады.
Полицейлер сағат 10:00 шамасында күдік тудырған Audi S4 автокөлігін тоқтатады. Оны тексеру кезінде тәртіп сақшылары жүргізушінің мас күйіне күдіктенді. Осылайша, жүргізушінің мас халде көлік басқаруына күдіктенген полиция қызметкерлері оған қатысты медициналық сараптама тағайындады. Куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізушінің масаң халде екендігі анықталды.
Полиция қызметкерлері аталған көлік иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабында (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша хаттама толтырды.
Айта кететін жайт, қазығұрттық сақшылар жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, өткізуде. Осындай кезекті рет жүргізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер жалпы 15 әкімшілік хаттама толтырылды.