Қарағанды облысы ПД қызметкерлері террористік актілер барысында қаза болғандарды еске алды
Қарағанды облысы ПД қызметкерлері террористік актілер барысында қаза болғандарды еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысының Полиция департаментінде Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілер салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты аза тұту рәсімі өтті.
Олардың ішінде сегіз полиция қызметкері мен ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері бар.
– Батырлық пен ерлік көрсете отырып, қызметтік және әскери міндеттерін өмірлерінің соңына дейін адал орындады. Әріптестеріміз туралы естелік ішкі істер органдары қызметкерлерінің және барша Қазақстан халқының жүрегінде мәңгілкке қалады. Біз, ішкі істер органының қызметкерлері қылмыскерлерді құрықтап, олардың тиісті жазасын алу үшін барлық күш жігерімізді саламыз, – деді Қарағанды облысының коменданты Ерлан Файзуллин.
Полиция қызметкерлері қаза болған әріптестерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.