Түркістан облысының полицейлері жардан құлаған сиырды алып шықты
Түркістан облысының полицейлері жардан құлаған сиырды алып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, ел аумағында орын алған келеңсіздікке байланысты төтенше жағдай енгізілген. Барлық облыс, аудандарда блок-бекеттер қойылып, полиция қызметкерлері тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етуде.
Осындай кезекті жұмыс уақытында Қазығұрт ауданы аумағында қойылған «Ақтас» блок-бекетінде тұрған сақшылар күндізгі сағат 11:00 шамасында жардан құлап кеткен сиырды байқады.
Полицейлер бірден сиыр құлаған аймаққа қарай бағыт алды. Содан соң ірі қара малдың жанына барып, құлаған жерін анықтады. Полиция қызметкерлерінің көмегінің арқасында сиыр орнынан тұрып, өз бағытына қарай жүріп кетті. Осылайша, полицейлер тұрғындардың қауіпсіздігімен қоса, әрбір тіршілік иесінің амандығын жіті бақылауда.