Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келестік сақшыларға ардагерлер мен жастар жасағы қолдау көрсетуде

Келестік сақшыларға ардагерлер мен жастар жасағы қолдау көрсетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауғанстан соғысын көрген, тәжік-ауған және Таулы Қарабақ ұрысына қатысқан келестік ардагерлер блок-бекеттерде алдыңғы шепте қызмет етіп жүрген полицейлердің хал-жағдайын біліп қайтты. Бұл шара Келес аудандық Ауғанстан және жер-жердегі соғыс ардагерлері мен мүгедектері Одағы төрағасының орынбасары, Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік міндетін атқарған Бақыт Қалмұрзаевтың ұйымдастыруымен бастау алды.

Ардагерлер Сарыағаш және Келес аудандарының шекарасында орнатылған блокпосттағы полиция қызметкерлеріне қиын-қыстау кезеңіндегі жауапкершілігі мол қызметтеріне моральдық қолдау көрсетіп, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ыстық тағамдар үлестірді.

Одан бөлек, Келес ауданында «Халық сақшысы» жасағы құрылды. 100-ден астам сақшылары бар жасақ бүгінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады.

Аталған топ өкілдері, ауыл және ауылдық округтерде қоғам тыныштығын сақтау үшін қызмет етіп, осы бағытта өз үлестерін қосады. Сондықтан Келес ауданының полицейлері коменданттық сағат режимін сақтап, үйде жақындарыңызбен, отбасыларыңызбен бірге болуға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру