Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрғындардың қарулары уақытша сақтауға қойылды

Түркістан облысында тұрғындардың қарулары уақытша сақтауға қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының талаптарын орындау мақсатында Сауран ауданына қарасты әкімшілік аумақтарда Сауран ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері жеке тұлғалардан қару және оқ дәрілерді уақытша алып қою бойынша рейдтік іс-шараларды өткізуде.

Сауран аудандық ПБ-ға жалпы 405 азаматтық қару тіркеуге алынған. Оның ішінде тегіс ұңғылы – 385, бес газды тапанша және 15 тегіс ұңғылы аңшы қаруы тіркелген.

Қазіргі таңда яғни, ағымдағы жылдың есебі бойынша Сауран ауданы мен оған қарасты елді мекендерден жеке тұлғалардан жалпы – 360 аңшы қаруы, оның ішінде бес ойық ұңғылы аңшы қаруы алынды.

Аталған суық қарулар Сауран ауданы ПБ-ға жеткізіліп, тиісті іс құжаттар жинақталды. Содан соң Түркістан облысы Полиция департаментінің қару сақтау қоймасына уақытша сақтауға қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру