Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізушіге 3 хаттама толтырылды

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізушіге үш хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ патрульдік полиция тобының қызметкерлері төтенше жағдай кезіндегі коменданттық сағат талаптарын сақтау бойынша рейдтік шара ұйымдастырды. Содан тәртіп сақшылары Абай ауылы көшелерінің бірінде түнгі сағат 00:10 шамасында жүрген Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, тексерді. Нәтижесінде, көлікке тағылған мемлекеттік нөмірдің жалған екені анықталды. Одан бөлек, жүргізуші көлігіне арнайы дыбыс сигналын рұқсатсыз орнатып алғаны белгілі болды.

Көлікті тізгіндеген жас жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің үш бірдей бабымен хаттама толтырылды. Нақтырақ айтсақ, ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі (Жалған мемлекеттік белгіні тағып, пайдаланып жүру) және 603-бабының 2-бөлігі (Арнайы рұқсатсыз дыбыс сигналын қойып жүру) бойынша хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар Келес аудандық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сондай-ақ, бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен  (Төтенше жағдай режимін бұзғаны) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік айыптұрағына қойылды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру