Шымкентте бір тәулікте терезесі күңгірттелген 22 автокөлік жүргізушісі анықталды
Шымкентте бір тәулікте терезесі күңгірттелген 22 автокөлік жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 қаңтарда қала аумағында Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері терезесі күңгірттелген 22 автокөлік жүргізушісін анықтаған.
Нәтижесінде, автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынатыны туралы түсіндірілді.
Тәртіп сақшылары тиісті қызметтеріне сай көлік терезелеріндегі күңгірттелген жабындыны алып тастауын жіті қадағалады.