Алматыда рецидивист ұрланған қарумен ұсталды
Алматыда рецидивист ұрланған қарумен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Анықталғандай, бұрын төрт рет, оның ішінде адам ұрлағаны үшін де сотталған, 38 жастағы Т.есімді ер адам – жаппай тәртіпсіздіктерге және қару-жарақ дүкендерін тонауға белсене қатысқан.
Оны Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Геологтар көшесіндегі үйлердің бірінде ұстады.
Тінту кезінде қаскүнемнен бір мылтық және екі тегіс ұңғылы мылтық, патрондар, оптикалық көздеуіштер тәркіленді.
Полиция қызметкерлері азаматтарды заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырады.
Сонымен қатар, қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар, әрине, қандай да бір қылмыс жасауға жеке өзі қатыспаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.