“Құқықтық тәртіп”: Шымкентте 4 күнде мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді
Шымкентте төрт күнде мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы аумағында жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау мақсатында 14 қаңтардан бастап “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде қоғамдық орындарда қылмыстарды болдырмауға, кезекші тәуліктерде қылмыстарды “ізін суытпай” ашуға, сондай-ақ тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру мен сақтауды анықтауға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жалға берілетін пәтерлерді, қонақ үйлерді, хостелдерді және саяжай алаптарын тексеріп жатыр.
Іс-шарасының төрт күнінде 1094 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
– ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша (Ұсақ бұзақылық) – 148;
– ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша (Қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішу) – 110;
– ҚР ӘҚБтК 476-бабы бойынша (Төтенше жағдай режимін бұзу) – 302;
– ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (Төтенше жағдай кезінде құқық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттер) – 40;
– ҚР ӘҚБтК 488 бабы бойынша (Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) – 221;
– ҚР ӘҚБтК 492-бабы бойынша (ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) – 175;
– ҚР ӘҚБтК 517-бабы бойынша (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) – 84;
– ҚР ӘҚБтК 518-бабы бойынша (Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) – 12 жайт анықталды.