Қызылорда облысында сотталғанға әкелінген донердің ішінен есірткі табылды
Қызылорда облысында сотталғанға әкелінген донердің ішінен есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қаңтарда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Е. есімді сотталғанға жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі заты анықталды.
Мекеме қызметкерлері сотталғанға келген сәлем-сауқатты тексеру барысында үш донердің арасына салынған өзіне тән хош иісі бар шөп тектес заты тәркіленді.
Жедел түрде «102» нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.
Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, қорытындысымен салмағы 31,18 граммды құрайтын «кептірілген марихуана» екені дәлелденді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.