Атырауда көлігімен дрифт жасаған 3 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды
Атырауда көлігімен дрифт жасаған үш көлік жүргізушісі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қаңтар күні сағат 03:05-03:15 аралығы шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Атырау халықаралық әуежайының автотұрағында маневр жасау ережелерін өрескел бұзып, көлік құралын бір орнында айналдырып, дрифт жасаған LADA Granta, ВАЗ-2110 және LADA Priora автокөліктерін анықтады.
Тексеру кезінде аталған көлік құралдарының жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлімімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама жасақталып, әрқайсысына бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.