Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында пәтерге ұрлыққа түскен ер адам құрықталды

Ақтөбе облысында пәтерге ұрлыққа түскен ер адам құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтарда белгісіз тұлға Шалқар қаласының 28 жастағы тұрғынының пәтер құлпын сындырып кіріп, кір жуғыш машинасы мен «Аристон» су жылытқышын жасырын түрде ұрлап кетіп, 150 мың теңгеге мүліктік залал келтірген.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 57 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Сондай-ақ, ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Осы баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру жазасын көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру